Каспийдің суы соңғы 500 жылда ең төменгі деңгейге түсті
Каспий теңізінің деңгейі алдағы 10-15 жылда әлі де төмендейді.
Соңғы спутниктік
альтиметриялық мәліметке сүйенсек, Әзербайжанның Баку қаласындағы жағалау 29
метрге дейін төмендеген. Бұл соңғы 500 жылдықтағы ең төменгі деңгейі, дейді
ақтаулық эколог-ғалым. Жергілікті мамандар Ресейдің океанология институтының
ғалымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Бірге зерттеулер жүргізеді.
Мәселен, келесі экспедиция қазан айына жоспарланған. Дегенмен маманның айтуынша,
елімізде жүргізіліп жатқан зерттеулер жүйеленбеген. Ал Каспийдің соңғы 10
жылдағы ахуалы көрші елдерді де алаңдатып отыр.
Самал Сырлыбекқызы, эколог-ғалым:
Алдағы 10-15 жылда біздің теңіздің деңгейі әлі де бері қарай қайтпайды, әлі де төмендейді. Жалпы, зерттеулер бойынша осы XXI ғасырдың соңына дейін біздің Rаспийдің деңгейі 9-18 метрге дейін төмендеуі мүмкін. Президентіміз айтып кеткендей, ол тек қана бір елдің ғана шешетін мәселесі емес, Каспий жағалауындағы 5 мемлекет бірлесіп бағдарлама жасап, яғни бірлесе зерттеу керек.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарулы күштердің үздіктері марапатталды
19.12.2025, 17:40
Көлік және логистика саласының үздіктері анықталды
19.12.2025, 17:39
ҚХА елордалық ерекше балаларды қуантты
19.12.2025, 17:38
Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
19.12.2025, 17:35
СҚО балықшыларына ескерту айтылды
19.12.2025, 17:33
ШҚО-да қар көшкіні жүретін 500-ге жуық аумақ бар
19.12.2025, 17:31
Алыстағы ауыл мектептеріне цифрлық құрылғылар беріледі
19.12.2025, 17:29
Қонаев қаласында медициналық университет салынады
19.12.2025, 17:27