Непалда үкімет басшысы отставкаға кетті
Бүгін Непал премьер-министрі Шарма Оли отстакаға кетті. 73 жастағы үкімет басшысының мұндай шешім қабылдауына жемқорлыққа қарсы шерулер мен тәртіпсіздіктер себепші.
Демонстрациялардың
басталуына әлеуметтік желіге тыйым салынуы да түрткі болған. Ол шектеу осыдан
бірнеше сағат бұрын күшін жойды. Соңғы мәліметке қарағанда, полиция мен
манифестанттар арасындағы қақтығыстан бүгін екі адам қаза тапты. Ал дүйсенбіде
19 тұрғын мерт болған. Жараланғандардың саны 100-ден асып отыр. Сонымен қатар
непалдық жастар Оли мен экс-премьер-министрдің және бірнеше жоғары лауазымды
саясаткердің үйін өртеп жіберген. Тәртіпсіздіктер ел астанасы Катмандумен бірге
өзге қалаларға да таралып, талай әуе рейсі доғарылды.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12