Израиль Газа секторындағы шабуылдарын үдетпек
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа тұрғындарына қаладан кету қажеттігін ескертті. Үкімет басшысының айтуынша, армия Газа қаласында ауқымды құрлық операциясын жүргізеді. Екі күн ішінде Израиль әскері мұндағы 50 биік ғимаратты жермен-жексен еткен. Бұл нысандарды «Хамас» өз мақсатына пайдаланды деп мәлімдеді. Бұған қоса Газа тұрғындарына қаладан кету туралы үнпарақтар таратылды. Көшу туралы ескерту тұрғындар арасында үрей тудырып отыр. Біреулері оңтүстікке қарай баруға дайындалса, көпшілігі ешқайда кетпеуге бел буған. Соғыс басталғалы Израиль Газа аумағының 75 пайызын бақылауға алды. Соңғы мәліметтерге сай, әскери шабуылдан 62 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12