Түркияда полиция учаскесіне қарулы шабуыл жасалды
Түркияның Измир қаласында полиция орталығына қарулы шабуыл жасалып, екі полиция қызметкері қайтыс болды. Алты адам жараланған. Олардың екеуі полиция қызметкері болса, төртеуі бейбіт тұрғындар. Жараланғандар шұғыл ауруханаға жеткізілген. Полиция учаскесіне оқ жаудырған 16 жастағы 11-сынып оқушысы көп ұзамай ұсталды. Одан аңшы мылтығы мен оқ тәркіленді. Оның бұл қылмысқа не үшін барғаны әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.
Сүлеймен Елбан, Измир қаласының губернаторы:
Күдікті полициямен атыс кезінде жараланып, қолға түсті. Оның осы көшеде тұратын 16 жастағы жасөспірім екені анықталды. Бұған дейін ешқандай қылмыс жасамаған. Бұл қадамға неге барғаны тергеу барысында нақтыланады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12