Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
Ауғанстанда жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда дүмпулер әлі тоқтаған жоқ. Жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, далада түнеуге мәжбүр. Қазір елдің шығысындағы Кунар мен Нангархар провинцияларында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
БҰҰ-ның ескертуінше, халықаралық қауымдастықтан көмек болмаса, қираған елді мекендерде азық-түлік қоры таусылуы мүмкін. Сондай-ақ жараланғандарды эвакуациялау қиынға соғып отыр.
Ауғанстанда магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тамыздың 31-інде тіркелді. Апат салдарынан 1400-ден астам адам қаза тауып, 3 мыңға жуығы жараланды. Бірқатар қышлақ жермен жексен болды. Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында әлі де адамдар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12