Лиссабонда трамвай апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты
Португалия астанасы Лиссабонда электрлі трамвай рельстен шығып кетіп, 15 адам мерт болды. Тағы 18 адам жараланған. Ауруханаға түскендердің бесеуінің жағдайы ауыр.
Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер де бар, бірақ олардың қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, туристер арасында өте танымал трамвай қатты жылдамдықпен келе жатып, бұрылыста жолдан тайып, ғимаратқа соғылған. Оның неліктен басқарудан шыққаны әзірге белгісіз.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Қаза болғандардың туған-туыстарына ел президенті Марселу Соуза, Испания премьер-министрі Педро Санчес және Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен көңіл айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12