Конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңі
Қазақстандағы соңғы конституциялық өзгерістер қоғамның демократиялық дамуындағы маңызды қадам. Парламент өкілдері мен сарапшылар бұл реформалар азаматтық қоғамды күшейтуге және заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын айтады.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Соңғы өзгерістер Қазақстанның демократиялық бағытта үлкен, жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын. Әрине ол өзгерістердің нақты жүзеге асуы үшін, қоғамдық санада үлкен өзгеріс болуы керек. Яғни, азаматтық қоғамның дамуы. Осы бағытта әлі де көп жұмыс істеуіміз керек.
Марат Ахмади, М.Нәрікбаев университетінің ғылым және зерттеу жөніндегі проректоры:
Осы өзгерістердің ең белдісі, ең маңыздысы деп айтуға болады. Өткен жылы конституциялық сот қайтадан жасақталды. Бұл - еліміздегі конституциялық заңның орнауы және қадағалануы үшін өте маңызды институт.
Қайрат Балабиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Сондай-ақ Мәжілістің 70 пайызы партиядан, 30 пайызы бір мандаттық округтен. Оның да қазір елге тиіп жатқан пайдасы өте көп. Өйткені халықпен, елмен кездескен кезде бір мандаттық округтағы депутаттар өте белсенді. Елге халыққа жұмыс істеуде бір қадам алда жүр деп мен толық сеніммен айта аламын.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18