Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды

Қазақстанның әр өңірінде жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстар әсіресе соңғы 7 жылда қыза түсті. Ақтөбе облысында соңғы екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды. Енді шалғай елді мекендердегі өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бетін өз күштерімен қайтарып, жедел көмек көрсете алады.

Бұл нысандар Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Шалқар ауданының Қаратоғай ауылындағы бекетте 9 маман қызмет атқарады. Оларға арнайы киімдер мен байланыс құралдары берілді. Ғимарат қажетті жабдықтармен толықтай қамтылған. Өрт сөндіру автокөлігі де бөлінді. 460 тұрғыны бар ауылдағы жаңа бекет төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге дайын.

Аян Тұңғатов, өрт сөндіру бөлімінің қызметкері:

Ауыл азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, боранда және жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мына заманауи техника және жаңа салынған ғимарат бізге берілген үлкен қолдау деп білемін.

Бөлісу