Басты Жаңалықтар Талдықорғанда креатив орталығы ашылады

Талдықорғанда креатив орталығы ашылады

Талдықорғанда қолөнершілердің, кәсіпкерлердің және жастардың стартап жобалары мен тың идеяларын жүзеге асыруға ықпал ететін креатив орталығы ашылады.

Көркемсурет галереясы базасында орналасатын орталықтың құрылысы қазір аяқталуға жақын. «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іске асатын жобада шығармашылықпен айналысуға, IT-технологияларды меңгеруге барлық жағдай жасалады. Жалпы, өңірде мәдениет саласына жіті көңіл бөлінуде. Келесі жылы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталған жаңа музей бой көтереді. Ал қазіргі ғимараты жөндеуден өтіп, онда Халық шығармашылығы орталығы орналасады. Сонымен қатар, облыстық филармонияның да қасбеті қайта жаңғыртылмақ.

Досжан Тынышбаев, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

Құрылыс жұмыстары шілде айында басталды, осы жылдың. Қазіргі уақытта 95 пайызға аяқталды. Жоба аясында ішкі әрлеу жұмыстары, фасад және сантехника жұмыстарының барлығы бітті. Қазіргі уақытта, газон, ағаш егу жұмыстары қалды. Жоба аясында 50 шақты адам жұмыс атқарды. Құрылысын желтоқсан айының басына дейін аяқтау көзделуде.

Думан Алтынбекұлы

Бөлісу