Астанада талантты композитор Рахат-би Әбдісағинның авторлық концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада талантты композитор Рахат-би Әбдісағинның авторлық концерті өтті

18.10.2018

Астанада «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, талантты композитор Рахат-би Әбдісағинның авторлық концерті өтті. Елорданың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған кеш симфониялық оркестрмен сүйемелденді. Өнерпаз көрерменге өзінің сегіз симфониялық туындысын ұсынды. Оның бесеуі Қазақстанда алғаш рет орындалды. Концертте алғаш рет заманауи академиялық музыка шырқалды. Бұл еліміздің музыка әлемінде айтулы жаңашылдықтардың бірі. Рахат-би 18 жаста болса да өнертану ғылымдарының магистрі, 100-ден астам классикалық музыка туындыларының авторы. Талант иесі шетелдік және қазақстандық музыка мектептерінде дәріс оқиды. 

Юрий Каспаров, композитор, Мәскеу консерваториясының профессоры:

- Рахат-биді 2012 жылдан бері танимын. Осы салада жүрген біраз талантты адамдарды білемін. Бірақ, Рахат-би – феномен. Мұндай дарынды адам дүниеде өте аз. Жас композиторды музыка әлемінің үлкен сыйы деп айтар едім.

Рахат-би Әдбісағин, композитор:

- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне ену мен үшін үлкен мәртебе. Осы арқылы халықтың музыкаға деген құрметін, қызығушылығын көруге болады. Өйткені, қазақстандықтар өздері дауыс берді. Менің алғашқы авторлық концертіме келіп, ыстық ықылас білдіріп жатқандарға да алғысым шексіз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу