Рахат-би Әбдісағин - 13 жасында Парижде өткен музыка фестивалін өзінің шығармасымен ашқан композитор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахат-би Әбдісағин - 13 жасында Парижде өткен музыка фестивалін өзінің шығармасымен ашқан композитор

10.02.2016
Рахат-би Әбдісағин - 13 жасында Парижде өткен музыка фестивалін өзінің шығармасымен ашқан композитор

Ол – батыс пен шығыс музыка мәдениетінің арғы-бергі тарихының білгірі. Ол – музыка мен математика арасындағы байланысты дәлелдеуге бірнеше туындысын арнаған композитор, виртуоз пианист және жас та болса терең философ. Ол  кәмелетке толмай жатып, талай күрделі музыкалық шығармаларымен әлемге танылған – Рахат-би Әбдісағин.

13 жасында Парижде өткен музыка фестивалін өзінің шығармасымен ашқан Рахат-би бұл турасында: «Германия мен Италия сияқты Франция да кәсіби музыка әлеміндегі биік мәдениет көшбасшы. Орта ғасырлардағы Перотин, Леониндерден бастап, Филипп де Витри шығармашылығы, Арс-антиква дәуірі, одан кейінгі Клод Дебюсси, Морис Равель дамытқан импрессионизмді айтайық, сондай-ақ, Эрик Сати бастаған «Ұлы алтылық» бар.

«Алтылық» Францияның музыка тарихына төңкеріс әкелген XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы талантты композиторлардың ұйымы. Үш жыл бұрын Парижде дәстүрлі фестиваль  Эрик Сати күндері өткен еді. Онда әлемнің әр түкпірінде жазылған шығармалар іріктелді.  Менің Эрик Сати стиліндегі сюитам концертті ашуға лайық деп танылды».

«Сати – дүниетанымы ерекше композитор. Өз шығармамды мен Парижде және оның туған жері Онфлерде орындадым. Бұл мен үшін бақытты сәт. Концерттердің бірінде ағылшынның атақты музыка танушысы, профессор Сара Уилсонмен таныстым. Ол мені аты аңызға айналған пианист Мадлен Молеро (Madeleine Molero) ханымның үйіне қонаққа шақырды.

Осылайша, мен 99 жастағы даңқты музыкантты көрдім. Ол менен: «Сати шығармашылығына қалай келдің?», деп сұрады. Мен Карлхайнц Штокхаузен (Karlheinz Stockhausen) арқылы келгенімді айттым. Осындай танымал композиторлардың атмосферасын көру нағыз бақыт еді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу