Миллиардты бағындырған Димаш Сочиде жарқырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миллиардты бағындырған Димаш Сочиде жарқырады

06.09.2018

Қытайда миллиардты әнімен тамсандырған Димаш Құдайберген енді Ресейде өнер көрсетті. Еліміздің мақтанышы Сочиде өткен «Новая волна» жас әншілердің халықаралық байқауына қонақ ретінде қатысып, тыңдармандардың үлкен қошеметіне бөленді.

Димаш байқаудың алғашқы күнінде А’Studio тобының шығармашылық кешінде ән шырқады. Ол орыс тіліндегі «Грешная страсть» композициясын тамаша орындап шықты. Ән соңында дүйім жұрт тоқтамай қол шапалақтап, гүл шоқтарымен сахнаға жүгірді. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзін әуежайда қарсы алған жанкүйерлеріне шексіз ризашылығын білдіріп, «Новая волна» байқауының жабылу концертінде тағы өнер көрсететінін мәлім етті.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу