Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

12.12.2019

Американы бағындырған Димаш елге оралған бойда «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Жоғары мемлекеттік награданы әншіге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыс етті. 

Әнімен әлемді тамсандырған Димаштан бөлек, Тәуелсіздік күні қарсаңында түрлі мемлекеттік наградамен мәдениет және спорт саласының 20 қызметкері марапатталды. Бұл сыйлық Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетіні белгілі. Енді осындай марапатқа ие болған Димаш Грэмми жүлдесін алуды мақсат ететінін айтты.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу