Президент Әкімшілігінің комиссиясы «Бағанашыл» балалар үйін тексеріп жатыр
«Бағанашыл» балалар үйіне қатысты туындаған дауды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін Алматы қаласына Президент Әкімшілігінің арнайы комиссиясы барды. Олар тәрбиеленушілермен, мекеме басшылығымен және қызметкерлермен, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдерімен кездесті. Қазір көшіруге қатысты құжаттар сарапталып жатыр. Бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде «Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент Әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті», - деп жазды. Ал кеше Президент балалар үйін Алматыдан Қонаевқа көшіруге тыйым салған еді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12
Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
21.09.2026, 17:10
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды
21.09.2026, 17:07
Жетісу облысында машинист бүлдіршінді аман алып қалды
21.09.2026, 17:05
Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті
21.09.2026, 17:03
Маңғыстау облысында 4 адам балықтан уланып қалды
21.09.2026, 17:00