Әлемдік жұлдыздар ел қазынасына 1 млрд теңгеден астам пайда әкеледі
Әлемдік мегажұлдыздар Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys-тың алдағы уақытта Қазақстанда өтетін концерттері ел экономикасына айтарлықтай оң өзгеріс әкеледі. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының директоры Мәлік Хасенов айтты. Оның айтуынша, мұндай ауқымды мәдени іс-шаралардан түскен табыстың бір бөлігі ел бюджетіне салық ретінде қайтарылады. Алдын ала есепке сәйкес, тек осы 2 концертті ұйымдастырушылар 1 миллиард теңгеден астам салық төлеуі мүмкін. Сондай-ақ, тамызда өтетін концерттерге 18 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр.
Мәлік Хасенов, «Астана концерт» компаниясының продюсері:
Джей Лоның Астана мен Алматыдағы концертіне келетін туристер саны 18 мың адамға жуықтайды деп күтілуде. Алдағы 3 жылда 10-нан астам концерт өткіземіз. Бұл үдеріс қазірдің өзінде басталып кетті. Бұл ел туризмін ілгерілетіп қана қоймай, экономикалық тиімділікке де ықпал етеді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37