«Мерейлі отбасы–2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Елорда күніне орай Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Биылғы байқауға бірлігі бекем, берекесі жарасқан 255 отбасы қатысып, өзара бақ сынады. Комиссия шешімімен, елге сыйлы, ұрпақ тәрбиесінде көпке өнеге көрсетіп жүрген 19 отбасы жеңімпаз деп танылып, түрлі номинация бойынша марапаттарға ие болды. Солардың қатарында – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақы болмысты шетелде дәріптеп жүрген Бағлай әулеті де бар. Отбасы мүшелері бұл байқаудың қоғамға берер тәрбиелік мәні зор, дейді.
Бауыржан Бағлайұлы, қала тұрғыны:
Ұлттық ғұрыптарды дәріптеп жүргендіктен бағымызды сынап көрейік деп, байқауға қатысып көрейік дедік. Киелі жерлерде саяхаттаған кадрларды жинақтап, комиссия мүшелеріне видео ретінде жолдадық. «Мерейлі отбасы» байқауы өте керемет ойлап табылған. Күнделікті өмірде қоғамның дамуына әсер ететін негізгілердің бірі отбасы болғандықтан, осы құндылықты дәріптеуді ұйымдастырып жаткан Астана акәмдігіне рақмет.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
13.05.2026, 20:12
Тас жолдар, пойыз, ұшақ түгел интернетке қосылады
13.05.2026, 20:09
Трамптың Бейжіңге сапары басталды
13.05.2026, 20:09
Тегеран тұрғындары Трамптың Бейжіңге сапарына қатысты пікір білдірді
13.05.2026, 20:08
Таяу Шығыстағы қақтығыс туризмге кері әсер ете ме?
13.05.2026, 20:07
Туристер туроператор таңдағанда нені ескеруі қажет?
13.05.2026, 20:05
Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда
13.05.2026, 20:05