Ашық кооперативтер декларациясы қабылданды
Астанада «Ашық кооперативтер декларациясы» қабылданды. Құжатқа сәйкес, тұрғын үй кооперативтері өз қызметі, қаржылық операциялары мен мүшелер құрамы жөніндегі мәліметтерді ашық жүргізуге ерікті түрде міндеттеледі. Бұл бастама қаржы пирамидаларына қарсы күресті күшейтіп, құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетуді көздейді. Сонымен қатар қызметін адал атқарып жүрген ұйымдарды қолдауға бағытталған. Жиында кооперативтер мен қаржы пирамидаларының арасындағы айырмашылықтар түсіндіріліп, заңнамалық ынтымақты күшейту, ашықтықты қамтамасыз ету және сенімді ұйымдардың жұмысын қолдау мәселелері талқыланды.
Арген Нұржанов, Ұлттық кооперативтер қауымдастығының мүшесі:
Қазақстан бойынша «Заң мен тәртіп» деген бағдарлама бойынша, бізде кооперативтер соған атсалысып жатырмыз. Қазіргі уақытта кооперативтер қаржы пирамидасына тең деген халықта ұғым болып жатыр. Бірақ таза істеп жатқан кооперативтер де бар. Солар лас іске араласпас үшін біз соның алдын алып, өзімізді ашық және таза кооперативтер деп жариялаймыз. Біз де қаржы пирамидаларына қарсымыз.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Екі адамның мәйіті кәріз құдығынан табылды
23.04.2026, 13:33
Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
23.04.2026, 13:30
Қытайлық қандасымыз атажұртты велосипедпен аралап жүр
23.04.2026, 13:27
Түркология құрылтайына 100 жыл
23.04.2026, 13:25
Қазақстандағы демократиялық реформалар жоғары бағаланды
23.04.2026, 13:22
Тегеран мәселені келісім арқылы шешуді қолдайды
23.04.2026, 13:20
Lufthansa 20 мыңдай әуе рейсін қысқартпақ
23.04.2026, 13:18
31 мамырға дейін Дубайға ұшу тоқтатылды
23.04.2026, 13:15