«Ұнайды маған» тележобасының кастингі жалғасып жатыр
Ал «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Ұнайды маған» мегажобасының іріктеу кезеңі өңір-өңірде жалғасып жатыр. Тележобаға кезекті кастинг Қостанай қаласында өтті.
Талантын көпшілікке паш етуге мүмкіндік беретін өнер бәйгесіне жасы 18-ден асқан ерекше дауысы иелері қатыса алады. Бүгін әр үміткер камера алдында 2 ән орындады. Бірі – міндетті түрде қазақ тілінде болса, екінші туындыны өз қалауы бойынша таңдайды. Естеріңізге салайық, байқауға іріктеу еліміздің ірі қалалары мен облыстарында ұйымдастырылып жатыр. Сыннан сүрінбей өткендер телевизиялық жобаға шақырту алады.
Эльвира Сапабекова, жобаға қатысушы:
Мұны таныстарымның әлеуметтік желісінен көрді. Телевизиялық жоба дегеннен кейін бағымды сынап көрейін деп шештім. Әрине, қобалжу бар. Дегенмен осы жасқа келгенде бар өнерімді жасырып қалмайын деп, бағымды сынаймын деп келдім. Сондықтан да қорқынышты жеңу керек.
Анель Пимичева, жоба үйлестірушісі:
Қатысушылар саны 60-қа жуық тіркелді. Қатысушылар музыка немесе аспаптың сүйемелдеуінсіз жанды дауыста әрбір әнді орындап, өзінің таза даусын әділ-қазыларға ұсынып отыр.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
13.05.2026, 20:12
Тас жолдар, пойыз, ұшақ түгел интернетке қосылады
13.05.2026, 20:09
Трамптың Бейжіңге сапары басталды
13.05.2026, 20:09
Тегеран тұрғындары Трамптың Бейжіңге сапарына қатысты пікір білдірді
13.05.2026, 20:08
Таяу Шығыстағы қақтығыс туризмге кері әсер ете ме?
13.05.2026, 20:07
Туристер туроператор таңдағанда нені ескеруі қажет?
13.05.2026, 20:05
Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда
13.05.2026, 20:05