Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен 9 жоба жүзеге асады
Ал Қостанай облысында қайтарылған активтердің есебінен 9 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның сегізі елді мекендерді ауызсумен қамтуға арналған. 279 шақырым құбыр тартылып, 55 мың тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізеді. Сондай-ақ Жітіқара ауданында бір емхана ғимараты қайта жаңартылады. Қаражат арнаулы мемлекеттік қорда жинақталмақ. Оны республикалық бюджеттік комиссия тек әлеуметтік мақсатқа бағыттайды. Бүгінде еліміз бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және спорт саласына қатысты 333 жоба комиссия тарапынан қолдау тапқан. Қаражаттың жұмсалуы прокуратураның бақылауында болады.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07