Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды

04.07.2025

Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай, «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды. Шарада Мемлекеттік орталық музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан іріктелген домбыралар жұрт назарына ұсынылды.

Жалпы, музей қорында 220-дан астам музыкалық аспап болса, соның 60-ы - әр кезеңнің шежіресін шертетін домбыралар. Солардың ішінен 30-ға жуық құнды аспап арнайы таңдалып, экспозицияға қойылды. Бірегей жәдігерлер қатарында әнші, ақын Жаяу Мұсаның өз қолымен жасаған домбырасы, қазақ ән өнерінің дарабозы Әміре Қашаубаевтың және ұлы Абайдың жары Ділдә Алшынбайқызына тиесілі сүйекпен өрнектелген, сәні мен сыры қатар өрілген аспаптар бар. Салтанатты щара аясында күмбірлеген күй шертіліп, келушілер халқымыздың киелі мұрасы – домбыраның терең тарихымен танысуға мүмкіндік алды. Мерекеге орай Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек музейге тамаша сый жасады.

Секен Тұрысбек, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор:

Келешек ұрпаққа осы қара домбыраның үлгісі ретінде өзімнің домбырамды Орталық музейге ұсынғым келеді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу