Қазақстанда ғылым саласын цифрландыру аясында бірыңғай ғылыми портал іске қосылды. Бұл – ғалымдар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдететін цифрлық «бір терезе» жүйесі. Жобаның мақсаты – ғылымды ашық әрі тиімді етіп, стратегиялық басқаруды деректерге негіздеу. Қазірдің өзінде жүйеде ғалымдардың цифрлық бейіні, зертханалар мен ұйымдардың электронды паспорттары құрылып, гранттарға өтінім қабылдау, сыйақы мен стипендия тағайындау, ғылыми жобаларды қадағалау процестері автоматтандырылды. Алдағы уақытта порталға жасанды интеллект енгізіліп, сарапшыларды автоматты іріктеу және зерттеу тиімділігін бағалау сынды жаңа мүмкіндіктер іске қосылады.
Нұрбол Тастан, Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының міндетін атқарушы:
Жалпы, бұл жобаның мақсаты - Қазақстанда ғылымды ашық және тиімді, сондай-ақ деректердің негізінде стратегиялық басқаруды қамтамасыз ету. Бұл цифрлық ғылыми порталда қазіргі таңда ғылыми зерттеу институттарының барлық паспорттық ақпараты.
Динара Жарқынбек
