Бүгін – Мұхтар Шахановтың туған күні
Бүгін – ақын, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туған күні. Ұлт руханиятына, әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға 83 жасқа толды. Мерейлі күнге орай Назарбаев университетінде халық жазушысы студенттермен кездесті. Жастар күрескер ақынның кешін ұйымдастырып, өлең-жырларын оқыды. Мұхтар Шаханов сөзін жазған танымал әндерді шырқады. Заманында Шәмші Қалдаяқовпен ел жадынан өшпейтін туындыларды тудырған ақын, жастармен бірге өзі де өткен күндерді еске алды.
Гүлтас Құрманбай, NU профессоры:
Студенттер үшін Мұхтар Шаханов ол ақындық талантымен ғана емес, қайраткерлігімен де, өмірлік жолымен де үлгі болатын тұлға. Сондықтан да бүгін студентте ол кісіні өз көздерімен көріп, ол кісі неше бір аңыздар бар, соның бәрінің сырын білуге құштар болады деп ойлаймын.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12