Моңғолия Қазақстанмен саяси диалогты нығайтуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолия Қазақстанмен саяси диалогты нығайтуға мүдделі

27.06.2025

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапары аясында осы елдің Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті. Кездесу барысында Мұрат Нұртілеу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, тарихы тамырлас екі елдің ынтымағына сенім білдірді. Ал Моңғолия Президенті Астананың Ұлан-Батыр үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін және саяси диалогты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Моңғолия Премьер-министрі Гомбожавын Занданшатармен де жеке кездесті. Олар көлік- логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және басқа да саладағы өзара іс-қимылдың нақты жолдарын талқылады.

Нұргүл Ахметова


Хабарламаларға жазылу