Моңғолиядағы қандастарымызға 5 мың кітап сыйға тартылды
Моңғолиядағы қандастарымызға 5 мың кітап сыйға тартылды. Осы елге ресми сапармен барған Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы Істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолиядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп, кітаптарды табыс етті. Моңғолияда 100 мыңнан астам қазақ тұрады, мемлекеттің парламенті – Ұлы Құрылтайға 5 қазақ азаматы мүше. Мұндағы отандастарымыздың тілі мен әдет-ғұрпын сақтау үшін бар жағдай жасалған. Елдің 13 ауданында 40-тан астам қазақ мектебі және Баянөлгейде аймақтық орталық кітапхана бар. Кітаптар осы білім ошақтары мен кітапханаларға табысталмақ.
Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Жыл сайын оқулықтар келіп тұрады. Отандастар былтыр да кітап жіберді. Біздің орта мектептер Қазақстан оқулықтарын оқиды, бұл аса орайлы мүмкіндік болды.
Нұргүл Ахметова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12