Алматыда белгілі тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Арзықұловтың «Бар мен Жоқ» атты кітабы таныстырылды. Бұл еңбек – саналы ғұмырын отандық тележурналистикаға арнаған медиатұлға Иманбай Жұбай жайлы ғұмырнамалық хамса. Автор кейіпкерінің кәсіби жолын, тележурналистикадағы шеберлігін, түрлі лауазымдардағы қызметін баяндап, ұлттық теледидар тарихының маңызды сәттерін шежіре етіп өрбітеді. Редакторлықтан бастап төраға кеңесшісіне дейінгі сатыдан өткен Иманбай Жұбай түрлі тележобаларға жетекшілік етіп, ел есінде қалған «Бар мен Жоқ», «Президент аудиториясы», «Саясат», «Еркін сөз», «Таңшолпан» сынды бағдарламаларды жүргізіп, бірнеше деректі фильмдердің сценариін жазған.
Иманбай Жұбай, тележурналист, медиаменеджер:
«Бар мен Жоқ» - жобаның аты, біріншіден. Екіншіден, кітап атауы болып жатқаны – үлкен мағынасы бар. Жалпы адам өмірінің бары да болады, жоғы да болады. Өмірдің тайталасы деген мәселе.
Нұржан Жалауқызы, ҚР еңбек сіңірген қарйаткері, медиаменеджер:
Иманбай – өте мықты журналист, ол ізденімпаз, ол ешқашан ештеңеге немқұрайлы қарамайды. Шығып жатқан кітап «Бар мен жоқ» деп аты айтып тұрғандай, журналистің бір өмірбаяндық байопик дейді ғой, өте қажет деп ойлаймын.
Жазира Оразқызы
