Түркістанда шахматтан «Senat Open» 2-ашық кубогінің жартылай финалы өтуде. Турнирге Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан ең үздік деген 35 ойыншыдан қатысып жатыр. Олардың барлығы өз өңірлерінде өткен іріктеу турларының жеңімпаздары. Араларында ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Жартылай финалдық ойын швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Алғашқы күні өткен ойынның қорытындысы бойынша ала тақта шеберлерінің арасынан 38 жеңімпаз анықталып, финалға жолдама алады. Жеңімпаздар 29 тамызда Астанада өтетін финалдық сайыста оңтүстік өңірдің намысын қорғайды.
Александр Бабенко, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:
Қазақстанда шахмат ойыны дамып келе жатқаны қуантады. Жақында ғана Лондонда өткен Әлем чемпионатында аруларымыз күміс жүлдеге ие болды. Жастар мен жасөспірімдеріміз де Азия мен әлемде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Бұл - бекзада ойынның біздің елде болашағы жарқын екенін көрсетеді.
Айнұр Әбілқасымқызы
