Қостанай облысында шекара маңындағы ауылдарды сақтауға көңіл бөлініп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында шекара маңындағы ауылдарды сақтауға көңіл бөлініп отыр

27.06.2025

Қостанай облысы Қарабалық ауданында осыдан екі жыл бұрын шекараға жақын орналасқан төрт ауыл жабылып, қазір жетеуі тұр. Қалғанын сақтау үшін бүгінде елді мекендерге барынша жағдай жасалып жатыр. 35 елді мекеннің он үшінде табиғи газ бар, көшелерге жарық орнатылған, жыл соңына дейін барлық ауыл сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтылуы тиіс.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Новотроицк шекарадан 15 шақырым жерде орналасқан Қарабалық ауданындағы ауылдардың бірі. Мұнда 600-ден астам халық тұрады. 2023-жылы үй-үйге ауыз су тартылды, асфальтты жол төселді. Көше бойы 100 пайыз жарықтандырылған. Енді келер жылы ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Оксана Скоробогатых, Новотроицк ауылының тұрғыны:

Су келгеніне өте қуаныштымыз. Енді табиғи газды күтіп отырмыз. Қазір су таза, тіпті ыдыста қақ қалмайды. Әрине, барлық жағдайы жасалған ауылда тұрған жақсы.

Салтанат Күзебаева, Новотроицк ауылының тұрғыны:

Жастар да келіп жатыр, басқа жақтан да көшіп келіп жатқандар бар. Жұмыс бар, жағдай жақсы. Ауылымыз жақсарып жатыр. Сондықтан бәріміз осында тұрамыз, тіпті, қалаға көшеміз деген ойымызда жоқ.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Мұнда былтыр 600 бастан астам ірі қара малға шақталған сүт-тауарлы ферма ашылды. Күніне әр сиыр екі мезгіл сауылып, 24 литрге жуық сүт береді. Көрсеткіш жылына 3600 тоннаға жетуі үшін бұл жердегі күтім ерекше. Осындай минералдарға бай гималай тұзы, қара тұз беріледі. Сондай-ақ бұл жерде жергілікті 20-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Алда тағы осындай 2 ферма ашу жоспарда бар.

Қанат Шагиров, «Астам ИК» ЖШС директоры:

Желтоқсан айында біз 320 бас ірі қара мал әкелдік. Осы голштина-фризская деген тұқым бар. Ең сүтті көп беретін малдың аты бар. Сол мамандардан бізде істеп жатқан 2 мал дәрігері бар, зоотехнигымыз бар.

Темірлан Ахметов, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары:

2021 жылдан бері шекара маңындағы 7 ауылдың төртеуіне сапалы жол төселді. Биыл Мағнайға жол салынып жатса, келесі жылы Победа аулында жұмыстар жүреді. Тек бір Шадықсай аулы қалып тұр. Оған бюджеттен қаражат бөлінуін күтеміз.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Ауыл маңынан шекара түбінде жатқан құны 900 млн теңгеден асатын асфальт төселіп жатыр. Мағнайдан оқушылар осы жол арқылы қатынайды. Жалпы ұзындығы 15 шақырым. Бұл жерде бұрын тек көтерме жол болатын. Енді жұмыс мерзімінен бұрын шілде айында аяқталуы тиіс.

Мәдина Нағашабай


Хабарламаларға жазылу