Лондонда ұлы дала мұрасы таныстырылды
Ұлы дала мәдениетінің бай мұрасы Лондон сахнасында паш етілді. «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Тұманды Альбионда өнер көрсетіп, шетелдік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақтың ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптарынан құралған шығармашылық ұжым бұл күні дәстүрлі фольклорлық туындыларды ғана орындап қоймай, заманауи кросс-жанрлық стильде де өнер көрсетті. Әсіресе жырақта жүрген отандастарымыз риза – үстерінде ұлттық киім, қолдарында көк Туымыз. Олар ұлы дала мұрасын ұйып тыңдап, Қазақстанға деген сағыныштарын басты. Талғамы биік Британ жұртшылығы да қазақтың төл өнерін ерекше ілтипатпен қабылдап, құрмет көрсетті.
Дебора Шерлок, көрермен:
Батыс музыкасын тыңдап өскен біз үшін бұл таңғажайып тәжірибе. Мысалы, домбыраның үні скрипкаға қарағанда әлдеқайда кең әрі ауқымды естіледі екен.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан армиясы цифрлық жүйеге көшіп жатыр
07.05.2026, 20:51
Ясауи еңбектері терең зерттеуді қажет етеді
07.05.2026, 20:09
«Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті
07.05.2026, 20:08
Президент стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады
07.05.2026, 20:08
Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлігі мен еңбегі дәріптелді
07.05.2026, 20:05
Отан қорғаушы күні атап өтілді
07.05.2026, 20:05
Бельгияда жерленген қазақстандық сарбаздарға тағзым етілді
07.05.2026, 20:05
Талдықорғанда патриоттық рухты дәріптейтін мурал салынды
07.05.2026, 20:05