Нью-Йоркте қазақтың ұлттық өнері дәріптелді
Нью-Йоркте қазақтың ұлттық өнері дәріптелді. Жыл сайын өтетін қайырымдылық жәрмеңкеге Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі де қатысты. Бұл игі шараны ұйымға мүше елдердің дипломаттары мен елшілерінің жұбайларынан құралған клуб ұйымдастырды. Жәрмеңкеде әр ел өз мәдениетін таныстырып, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды, ал сахнада түрлі елдің өнерпаздары өнер көрсетті. Қазақстандық делегация да бұл бастамадан шет қалмай, ұлттық би мен күй арқылы көрерменнің көңілін баурады. Көрермендер Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Аққу» күйіне қойылған нәзік әрі әсерлі биді ерекше ықыласпен тамашалады.
Сесилия Миламбо, БҰҰ жұбайлары клубының президенті:
Осындай ізгі шараның куәсі болғаныма өте қуаныштымын. Биыл әрбір қатысушы тараптың зор қолдауын сезіндік. Соның ішінде қазақстандық әріптестеріміз осы бір қайырымдылық шарасына өте белсенді түрде қатысты. Қазақтың төл өнеріне, ән-биіне тәнті болдық. Мол дастарханнан дәм таттық. Бұл дәстүр жыл сайын осындай жоғары деңгейде өтсе деген тілегім бар.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12