Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе қолға алған «Аралас саяхат» жобасы жанданып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе қолға алған «Аралас саяхат» жобасы жанданып келеді

23.06.2025

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе қолға алған «Аралас саяхат» жобасы жанданып келеді. Бүгінде бір турдың ішіне екі елге де саяхат жасауды біріктіріп ұсынатын операторлар саны артып отыр. Жаңа жоба бойынша алыс-жақын елдерден келген қонақтар көршілес жатқан қос мемлекеттің біріне ғана аялдамай, екіншісіне де саяхаттай алады. Өткен айда өзбек еліне 1 миллионнан астам шетелдік турист барған. Олардың арасында қазақстандықтар алғашқы үштікке енеді. Тиісінше, Алматыға ағылып, Түркістанға сапарлап, Яссауи кесенесіне зиярат етуге құштар өзбек ағайындар да аз емес. Алдағы уақытта саяхатшыларға арналған жасыл дәліз құру жоспары бар. Ол жүзеге асса, туристер кеден бекеттерінен кедергісіз өтуге мүмкіндік алады.

Жамшид Газиев, Өзбекстан республикасы Туризм комитетінің бөлім басшысы:

Қазақстанмен осындай аралас турлар ұйымдастыру өзінің тиімдігілігін көрсетіп келеді. Саяхат бағыттарын біріктіре отырып, барыс-келісті көбейту бастамасы алдағы уақытта зор нәтиже береді деген сенімдеміз. Бұл екі елдің қазынасын толтыруға да айтарлықтай оң әсер етеді.

Базаргүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу