Ресейде студенттер кұрт азайды. Болон жүйесінен шығу туралы шешім қабылданғаннан бері ірлегес елдің жоғары оқу орындарын таңдаған жастар 30 пайызға азайған. Ал мамандар енді бірнеше жылда кейбір оқу орындарын жабуға тура келетінін айтады.
Қазақстандық Никита Касьянов Ханты-Мансийск округіндегі жоғары оқу орындарының біріне түскен. Ол құжат тапсырған кезде Ресей Болон жүйесінен шығады деп ойламапты.
Никита Касьянов, студент:
Өзімді түрлі бағытта сынап көрдім. Энергетика саласында білікті маман боламын деп, оқуға түстім. Бұрынғы білім жүйесі бізге өзге мемлекеттерде тәжірибе өткуге мүмкіндік беретін еді. Енді тек бір бағытта ғана білім аламын.
Ресей 2026 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап жоғары білімнің Болон жүйесінен бас тартты. Енді жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе, яғни 4 жылдық бакалавриат және 2 жылдық магистратура болмайды. Енді ресейлік оқу орындары басқа елдегі әріптестерімен студент алмаса алмайды, толықтай жоғары білім беру бағдарламасы жаңартылады. Сарапшылар 2032 жылға таман студент саны 10 миллионға кемиді дейді. Қазірдің өзінде Ресей нарығында 5 миллион жұмысшы қажет.
Петр Варганов, кәсіпорын басшысы:
Санкция басталмай тұрып, өзімізге қажетті техниканы Батыс елдерінен жеткізетін едік. Экономикалық шектеулер салынған соң өндіріс қиындады. Кәсіпорынға IT, техникалық мамандар қажет. Себебі оқу орындары керек мамандарды даярламады.
Ал нарықта жұмысшы, техникалық мамандар жетпейді. Сондықтан алдағы жылдары жоғары оқу орындарында ақылы бөлімдерде экмоноика, заңгерлік мамандықтардың саны азаяды. Студенттерге қоса, мектептерде де оқушы саны қысқарды. Оған демографиялық дағдарыс себеп.
Индира Бегайдар
