Стамбұл қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 51-сессиясы басталды. Халықаралық жиынға Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де қатысып жатыр. Басқосуда Иран мен Израиль қақтығысын бейбіт шешу жолдары және Газадағы соғысты тоқтату мәселелері талқыланды. Қырықтан аса елдің министрлері Израильдің Газаға, Сирия мен Ливияға және Иранға қарсы шабуылдарын айыптап, бұл басқыншылыққа бірлесе қарсы тұру қажеттігін айтты. Соғысып жатқан тараптарды барлық мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге шақырды. Бұдан бөлек Иран тарапының ұсынысымен осы сессия аясында Иранға қатысты арнайы жабық жиын өтетін болды. Министрлер басқосуы ертең де жалғасады. Сессияның соңында ортақ декларация қабылданбақ.
Режеп Тайып, Ердоған Түркия президенті:
Осы жиында қабылданған шешімдер тек өз елдерімізге ғана емес бүкіл дүниеге де оң әсер етеді деп сенемін. Сан алуан әлемдегі 2 млрд мұсылманның бірігіуі шарт. Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын ең ауыр түрде айыптаймыз. Бұл агрессия жүргізіліп жатқан келіссөздердің тамырына балта шапты. Алайда Израиль мәселелердің дипломатиялық жолмен шешілгенін қаламайтынын көрсетіп отыр.
Айдос Әшімұлы
