Түркия экономикасына Иран-Израиль қақтығысының әсері
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс Таяу Шығыс елдерінің барлығына дерлік кері әсер етіп тұр. Өңірде саяси-экономикалық байланыс әлсіреп, қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға көтерілді. Иранмен көршілес Түркияға да соғыстың салқыны сезіле бастады. Түркия шекарасын бекемдеп, қауіпсіздік шараларын мықтап қолға алды.
Айдос Әшімұлы тілші:
Иран - Түркияның құрлықтағы ең ұзын шекаралас көршісі. Екі ел арасында саяси-экономикалық қарым-қатынас тығыз. Сондықтан Израиль мен Иран арасындағы соғыс Түркияға тікелей әсер етуі заңдылық. 8-күнге жалғасқан қақтығыстың ең алдымен экономикаға кесірі тиді. Түркияда жанармай бағасы күрт көтерілді. Бұл Израиль-Иран қақтығысынан соң әлемдегі мұнай бағасының өсуімен де байланысты. Дәл қазір Түркиядағы бензиннің бағасы теңгеге шаққанда литріне 700 теңгеге жуықтады. Ал Түркия Иранға өткен жылы 3,2 млрд доллардың тауарын сатқан. Мамандар мына соғыстың кесірінен екі ел арасындағы сауда байланысына сызат түсе ме деп қорқады. Әлеуметтік желілерде мұндай ақпарат тараған болатын. Алайда Түркия билігі бұл қауесетті жоққа шығарды. Елдің Қорғаныс министрлігі шекарада жағдай қалыпты, екі ел арасындағы барыс-келіс бұрынғы қалпында деп мәлімдеді. Дегенмен екі ел шекарасындағы құрлықта да, теңізде де қауіпсіздік талаптары күшейтілгенін және Түркияның әуе кеңістігін 24 сағат бойы қорғау үшін қосымша күштер жұмылдырылғанын хабарлады елдің Қорғаныс министрлігі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02