Батыс Қазақстан облысында жоғарғы аграрлық-техникалық колледжі электромонтаждау біліктілігінен халықаралық аккредитациядан өтті.
Арнайы оқу орнында мыңнан аса студент білім алады. Олар 15 мамандық пен қосымша 35 жұмысшы мамандығы бойынша біліктілік курсынан өтеді. Яғни негізгі мамандығымен қоса қосымша кәсіпті де игеріп шығады. Колледж өңірдегі үздік оқу орны ретінде Астанада өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде өз іс-тәжірибесін таныстырды. Қазір шеберханаларда мектеп оқушыларына арналған жазғы кәсіби лагерь ұйымдастырылған. Ал жұмысшылар жылына орай ашылған құзыреттілік орталығында кез келген адам әртүрлі мамандық бойынша үш айлық курстан өте алады. Жыл бойы студенттердің бизнес стартап жобалар орталығы жұмыс істейді.
Әсем Ғалиасқарова, Жоғарғы аграрлық-техникалық колледж директоры:
Республика бойынша төртінші болып халықаралық акредиттеуден өткен болатынбыз. Бұдан өткен, оқып білім алған әрбір оқушы тек қана Қазақстан көлеміндегі шетелдік компанияларда ғана емес, әлем бойынша 69 мемлекетте өз мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Ардақ Мұратқызы
