Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
Тараздағы тарихи орындарда жаппай ағаш отырғызу акциясы басталды. Бүгін облыс орталығындағы орта ғасырлық бірегей кешен Қарахан кесенесі аумағында 100-ге жуық жас дарақ отырғызылды. Осылайша наурыздағы науқанды мемлекеттік ескерткіштерге жауапты мекеме бірінші болып бастады. Топыраққа тал тамыры тасталмас бұрын алдымен ақсақалдар келіп ақ батасын берді. Олар жастармен бірге қолына күрек алып, ағаш отырғызуға атсалысты. Енді ескерткіш маңы жасыл-желегімен ерекше орынға айналады. Өйткені бұл жолы тек қарағаш қана емес, терек, үйеңкі, күлшаған да бар. Тіпті сәндік катальпа мен айлант ағашы да жапырақ жаятын болады.
Нұржан Мергенбай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры:
Танытумен біз айналыспасақ онымен ешкім айналыспайды. Біздің төл тарихымыз тек өзімізге ғана керек. Сондықтан міне, осы мәселені біз қолға алуымыз керек. Біз осындай акциялар арқылы адамдардың тазалыққа деген мәдениетін арттыруға тырысып жатырмыз. Себебі тазалаған жер емес, таза ұстаған жер таза болады. Сондықтан біз бірінші кезекте қоқыс лақтырмаумыз керек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16