Түркияда әуе шары құлап, бір адам қайтыс болды
Түркияның Каппадокия аймағында әуе шары апатқа ұшырап бір адам қайтыс болды. Туристер арасында аса танымал әуе баллоны таң ата көкке көтерілген. Алайда көп ұзамай кенеттен соққан қатты желдің кесірінен жерге құлаған. Шарды басқарып тұрған 37 жастағы ұшқыш себеттің астында қалып оқиға орнында көз жұмды. Ал әуе шарында болған 19 индонезиялық турист жараланды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше осы аймақта тағы бір ұқсас оқиға болды. 12 үндістандық турист мінген әуе шары жерге қатты екпінмен қонып, бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Қазір екі оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12