Атырау облысында 8 жасар қыздың денесі табылды
Атырау облысы Құлсары қаласында 8 жастағы қыздың мәйіті табылды. 5 маусым күні кешке полицейлерге жеткіншектің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Бейнебақылау камераcына оның Құрсай өзенінің жағасында белгісіз ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Сол күні түнде іздестіру нәтижесінде баланың денесі өзен жағасындағы қамыстардың арасынан табылды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, 36 жастағы Құлсары қаласының тұрғынын қамауға алды.
Нұрхат Оразбаев, облыстық ПД бастығы:
Бала жоғалғаны туралы хабар түскен бойда барлық күш жұмылдырылды. Өкінішке қарай баланың мәйіті табылды. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз. Мұндай қылмыстарға ешқандай ақтау жоқ. Кінәлі ең қатаң жазасын алады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16