Елімізде 4100 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін
Биыл Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте арнайы заң жобасы қаралды. Құжат бойынша азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасағандарды және әлеуметтік осал санаттағы сотталғандар босатылмақ. Рақымшылыққа кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлер мен оларға теңестірілген азаматтар ілігуі мүмкін.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Нақты санын айтатын болсақ, қылмыстық атқарушылық жүйесінен шамамен пробация қызметінде тұрған 3500-ге жуық адам, ал барлығы 4100 адам негізі босатылады, бостандыққа шығады деп айтуға болады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04
Азия елдері кеңеске жиналады
14.10.2026, 20:03