Қостанай облысы Рудный қаласында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтті.
«Найза-антитеррор» республикалық жедел-тактикалық шарасына құқық қорғау органдары мен бірнеше күштік құрылымдардың арнайы жасақтары қатысты. Сценарий бойынша екі ғимаратты лаңккестер басып алған. Кепілге алған тұтқындар мен қылмыскерлердің нақты санын, талаптарын бітімгерлер анықтап алуы тиіс. Кейін тікұшақпен жеткен арнайы жасақ сарбаздары келісілген тактика бойынша қылмыскерлерді құрықтады.
Бақытбек Рахымбердиев, ҰҚК төрағасының орынбасары:
Қазір гео-саяси ахуал күрделі кезде біз кез-келген жағдайға тас-түйін дайын болуымыз керек. Қауіп ел ішінде де бар. Жыл сайын 3-4 террактың алдын аламыз. Сондықтан бүгін оқу-жаттығу сценариі барынша шынайы өтті.
Жергілікті басқарма операция өтіп жатқан маңға жақын орналасқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге орналастырды. Мұндай мақсаттағы шаралар Қостанай қаласында да өтті. Ірі сауда орындарынан тұрғындар жедел эвакуцияланып, жолдарға блокпосттар қойылды.
Мәдина Нағашыбай
