Депутат: Халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салаларда бақылауды күшейту қажет
«Ең көп жемқорлық фактілері – денсаулық сақтау және білім беру саласында тіркелді. Халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салаларда бақылауды күшейту қажет». Шымкент қаласында өткен «AMANAT» партиясының көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осылай деді. Жалпы екі жыл ішінде шаһарда 270 қылмыс тіркелген. Оның 195-і пара алу, 67-сі ұрлық және 5-еуі қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері. Тексеріс нәтижесінде 6 млрд теңгеге жуық қаражат мемлекетке қайтарылды.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде Шымкент қаласында оң динамиканың бар екенін айту керек. Бұл біздің партияның жанындағы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі. Әрине, мәселелер де бар. Ол мәселе жер қатынастары, құрылыстардың уақытылы аяқталмауы және білім, әсіресе мектеп деңгейіндегі жемқорлық болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылды
03.08.2026, 13:09
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
03.08.2026, 13:08
ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
03.08.2026, 13:07
Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты
03.08.2026, 13:06
50 елдің азаматтары виза алу үшін кепіл ақша төлеуге міндетті
03.08.2026, 13:05
Жалған медициналық қызмет: Келтірілген шығын 3,5 млрд теңге
03.08.2026, 13:05
Жамбыл облысында 84 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтитын жаңа станса салынып жатыр
03.08.2026, 13:04
Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды
03.08.2026, 13:03