Елордада «Маңғыстау аңыздары» кітабы таныстырылды

13.04.2018

Астанада «Маңғыстау аңыздары» атты кітап таныстырылды. Ел аузындағы 100 аңыз топтастырылған туынды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында оқырман қолына тиді. Жаңа кітапты Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов көпшілікке көзайым етті. Мың данамен жарыққа шыққан еңбек қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде сөйлейді. Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша өңірде әлеуметтік нысандар салу, қайырымдылық жасау секілді 120 нақты іс-шара жүзеге асырылған. Оған меценаттардың 1 млрд. теңгеден астам қаражаты жұмсалған.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Бұл жерде, міне, 100-ге жуық аңызды енгізіп отырмыз. Грек мемлекетінің бұрынғы тарихы аңыздардан тұрады. Сол аңызды тарихқа айналдырып, дүниежүзін тарта білген мемлекеттер болып жатқан кезде неге қазақтың баласы осындай дүниелерді көтеріп, елдің атын шығармайды?! Маңғыстау облысының оған толықтай мүмкіндігі бар екенін елдің бәрі жақсы біледі.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу