Елордада «QazVac: Тайталас» кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «QazVac: Тайталас» кітабы таныстырылды

29.05.2023

Елордада «QazVac: Тайталас» деген атаумен жарық көрген кітап таныстырылды. Сол кезде қиындықтармен тайталаса жүріп жасалған екпе әлем бойынша 5-ші болып әзірленді, алтыншы болып құйыла бастады. Бюрократиялық кедергілер тағы бар. Кітапта QazVac-тың әзірлену жолы баяндалған. Сондай-ақ QazBioPharm «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты Халықаралық форум ұйымдастырылды. Әлемнің жетекші ғалымдары тәжірибелерімен бөлісіп, пандемия кезеңінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік және өзге де органдар мен ғылыми ұйымдардың тиімді қызметін ынталандыру мәселелерін талқылады. Шетелдік ғалымдар Қазақстандық вакцинаны және оны шығарудағы елдің атқарған жұмысын жоғары бағалады.

Күнсұлу Закария, «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті:

Бүгінгі күні 6,5 млн доза казвак шығарылды. Яғни біздің адамдар сол вакцинаны алып өздерінің денсаулықтарын сақтаған. Бұл үлкен жұмыстың ішінде ең негізгі еңбегі ол отандық ғалымдар. Қазақстанның, өзіміздің ғалымдарымыз. Соны біз ешқашан ұмытпауымыз керек.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу