БҚО-да шегірткені улауға дрон қолданылады
Батыс Қазақстан облысы аумағында италиялық прус шегірткесі көбейе бастаған. Мамандар зиянкестерге қарсы химиялық жұмыстарды бастады. Биыл өңірде бірінші рет бұл жұмысқа дрон қолданып отыр. Үйірлі және саяқ шегірткелер егістік пен жайылымға жұмыртқа салып үлгерген. Енді қанаттанбай тұрғанда алдын алған жөн. Мамандардың айтуынша, 12 жылдық даму цикліне сәйкес биыл шегірткенің саны шарықтау шегіне жетпек. Сондықтан химиялық өңдеуден өтетін жер көлемі жылдағыдан ұлғайды. Республикалық бюджет есебінен қала аумағы мен 12 ауданда үйірлі шегіркелерге қарсы күреске 20-дан аса техника тартылған.
Талғат Ерғалиев, облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары:
Барлығы 48 580 гектар жерде химиялық өңдеу жүргізілді. Ұшқышсыз ұшу аппаратымен, яғни дронмен үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу 3454 гектар жерде жасалады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Қоржынға тағы 5 медаль түсті
28.09.2026, 17:38
Бір топ жүлдегер елге оралды
28.09.2026, 17:37
М.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25