Премьер-министр мен БҰҰ хатшысының орынбасары кездесті
Премьер-министр мен Біріккен ұлттар ұйымы хатшысының орынбасары Хаолян Шу Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуде экология, климаттың өзгеруіне бейімделу және бірлескен жобаларды ілгерілету жайы қозғалды. Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымымен әріптестікті нығайтуға үлкен мән беретінін атап өтті. Ұйыммен әріптестік орнағалы елде түрлі салада 200 жоба іске асқан. Қазір денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау, әлеуметтік қорғау бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру секілді 35 жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ тараптар Алматыда ұйымның субөңірлік кеңсесін ашу перспективасын сөз қылды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22