Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан мамандары бірлесіп зерттемек. Мамандар «Каспийді Еділ өзені мен басқа да су қоймаларын қамтитын ірі экожүйенің бір бөлшегі деп қарау керек», - дейді. Олардың айтуынша, 2006 жылдан бастап теңіздің деңгейі 29 метрге төмендеген. Бұл алаңдатарлық жайт, сондықтан Каспий теңізі орналасқан барлық ел бірлесе әрекет етуі керек, деді мамандар. Ресейде 2024 жылдан бастап ғылыми талдау жүргізілуде. Ал осы жылдың наурыз айында Дағыстандағы Кизляр шығанағында теңіз тартылып, Аграхан шығанағы тіпті жойылып кеткен. Сондықтан енді бірлескен ғылыми топ теңіздің тартылу себептері, экологияға әсері сияқты мәселелерді зерттейді.
Юсуп Умаров, Махачкала қаласының басшысы:
Бұл - біз үшін үлкен мәселе. Бүгінгі күні ғалымдар зерттеу жүргізе бастады. Терең талдау қажет. Осы орайда Қазақстан, Иран, Түрікменстан ғалымдары да жұмылдырылады. Тек бірлесе әрекет етіп, мәселені шешуге тырысамыз. Халықаралық ғылыми қауымдастықпен де жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз.
Индира Бегайдар
