Жазушы Әкім Ысқақтың «Әкеммен сырласу» атты кітабы жарыққа шықты
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақтың «Әкеммен сырласу» атты жаңа кітабы оқырманға жол тартты. Туындының тұсаукесері сазгердің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған шығармашылық кеш аясында өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен оқырмандар қатысып, шығарманың мазмұнына жоғары баға берді. Кітапта әке мен бала арасындағы рухани байланысқа терең мән берілген. Сондай-ақ қазір қоғамдағы әкенің рөлі әлсіреп бара жатқаны, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі мен ықпалы сөз болған. Жазушы шығарма арқылы оқырманды ойлануға, отбасындағы ер адамның мәртебесін қайта бағамдауға шақырады.
Әкім Ысқақ, жазушы, қоғам қайраткері:
Әкенің қадір-қасиеті соңғы уақытта төмендеп бара жатыр. Қазір де ата-аналар мен балалардың байланысы өте төмен. Сондықтан ең керемет кезең – бұл әкенің қасында болғаны, шынайы сырласқан, шынайы дос болған кез. Әке - үлкен ұлы тұлға ғой. Сол тұлғаның қадір-қасиетін арттыру керек.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06