Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталады
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталады. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі - енді квота әр сала бойынша бөлінеді. Күні бүгінге дейін елде 60 мыңнан астам жас өтініш берсе, соның 400-і резервке қабылданған. Олардың 80 пайызы қазір сан салада лауазымды қызметтерге тағайындалып, табысты еңбек етіп жүр. Байқау осымен 4-рет өткізіліп отыр. Үміткерлерді іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Құжаттар онлайн түрде қабылданады. Тіркелу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек. Комиссия шешімімен іріктеуден өткен 50 үздік жас, кадрлық резервке қабылданады.
Мұрат Байсалов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы:
Осыған дейін 3 іріктеу өткізілген болатын. 2019, 21, 23 жылдары облысымыздан сол резервке енген азаматтар да бар. Қазіргі таңда облысымызда 4 резерв жұмыс істеп жатыр. Аталған механизм жастарға әлеуметтік лифт ретінде қолданылатын құралдардың бірі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06