АҚШ Катар королі Трапмқа сыйға берген құны 400 миллион тұратын Boeing 747 ұшағын ресми қабылдап алды. Пентагон өкілінің айтуынша, ұшақ барлық федералдық ережелер мен талаптарға сәйкес рәсімделген. Енді бұл әуе кемесі болашақта президенттік борт ретінде пайдалану үшін жетілдірілмек. Дегенмен, шетелдік үкіметтен мұндай сыйлық алу ісі АҚШ-та үлкен саяси дау тудырды. Демократтар мен кейбір республикашылдар шетелден құнды сыйлықты қабылдау ата заңға қайшы деп қарсылық білдірген. Трамп әкімшілігі ұшақты пара ретінде алды, деп айыптағандар да болды. Оның үстіне кейбір сарапшылар бұрын өзге елге тиесілі болған ұшақты президенттік деңгейде пайдалану ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп отыр. Тіпті, сенатор Чак Шумер Пентагон қаржысын шетелдік ұшақтарды президенттік мақсатқа бейімдеуге тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Екі қабатты, бірнеше жатын бөлмесі, кеңсесі, қонақжайлары мен тоғыз дәретханасы бар бұл ұшақ «ұшатын сарай» аталып кеткен. Дональд Трамп мұндай сыйлықтан бас тарту – «ақымақтық» болар еді деп келеді. Бұл ойын бүгін Ақ үйде Оңтүстік Африка Республикасының президенті Кирила Рамафосамен кездесу барысында да қайталады.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Бұл Америка Құрама Штаттарынының әуе қорғаныс күштеріне берілген ұшақ. Маған емес.
Кирил Рамафоса, ОАР президенті:
Кешіріңіз, менде сізге беретін мұндай ұшақ жоқ.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Сізде болса әрі тарту етсеңіз мен оны қабылдар едім. Егер сіздің еліңіз Америка Құрама Штаттарының әуе күштеріне ұшақ ұсынып жатса, мен оны сөзсіз алар едім.
Жалғас Сәдібекұлы
