Ресейге баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылады

22.05.2025

Биыл 30 маусымнан бастап Ресейге баратын Қазақстан азаматтары 72 сағат бұрын шекара асатынын ескертіп, цифрлық профильді толтыруға міндеттеледі. Онда суретін, жеке мәліметтерін жүктеуі тиіс. Пилоттық жоба елде заңсыз миграциямен күреске бағытталған. Профильді RuID қосымшасы арқылы толтырып, медициналық сақтандыруды рәсімдеуге болады. Бұл өзгерістер 6 жасқа дейінгі балаларға, Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне қатысы жоқ. Жаңа ережелер барлық өткізу пункттерінде қолданылады. Қазақстан азаматы Ресейге кіру үшін QR-кодты оның паспорт немесе жеке куәлікпен кіруіне қарамастан алуы тиіс. Қазіргі уақытта қосымша әлі әзірленуде.

Ғазиз Ағыбаев, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің консул-кеңесшісі:

Егер де біздің азаматтар шұғыл түрде Ресейге кіреміз десе, туыстары ауырып жатса, емделуге кірсе немесе бір туыстары қайтыс болған кезде, төрт сағат бұрын платформаға кіріп, өз деректерін толтырып, Ресейге кіреді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу