Елімізде реставратор мамандар тапшы
Ұлттық музей жанынан ғылыми консервация және реставрация орталығы ашылады. Бұл жайында Қазақстан музейлері конгресінде айтылды. Дегенмен елімізде реставраторлар тапшы. Себебі бұл мамандыққа елдегі екі жоғарғы оқу орны ғана маман даярлайды. Негізінен ғасырлар бойы сақталып, мұра болып қалған құнды жәдігерлерді келесі ұрпаққа жеткізетін кәсіп иелері жекелей әртүрлі ұстаздан тәлім алып жүр. Сол себепті бұл маңызды мәселе, - дейді салаға жауаптылар. Көне жәдігерлерді түпнұсқадан айнытпай, жаңғыртатын шеберлердің қазіргі жалпы саны 100-ге жетер жетпес.
Құралай Төлегенова, ҚР Ұлттық музейінің реставраторы:
Реставрация дегеніміз бүлінген жерін тоқтатып, емін қолдану. Бізде қазір біреу-екеу деген Қазақстанға ол өте аз. Өйткені Қазақстан деген жеріміз өзі өте үлкен ғой. Музейлеріміз өте көп, жәдігерлеріміз өте бай, сондықтан да сол жәдігерлерімізді келесі ұрпаққа да қалдырғымыз келеді.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да әдеткі «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтті
26.03.2026, 13:21
Ақтау студенттері ЖИ дағдыларын меңгеріп жатыр
26.03.2026, 13:15
Биыл 200 кәсіпорын ашылады
26.03.2026, 13:12
Әлемде энергетикалық дағдарыс ушықты
26.03.2026, 13:09
Жаңадан 3 су электр станциясы салынады
26.03.2026, 13:06
Шетелде жүргендерден де алимент өндіріледі
26.03.2026, 13:03
Президент Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттады
26.03.2026, 13:00
Түркияда «Наурыз-Fest» фестивалі өтті
26.03.2026, 11:09